Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 503 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қарашада № 5956 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 20.02.2019 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11223 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5887 тіркелген, 2018 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 97, 98, 99 және 100 жолдарымен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 503 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген

97

Концентрленген кальций нитраты

СаО-32; N- 17

килограмм

120,00

98

Магний азотқышқылды 6- сулы (магний селитрасы)

MgО-15,5; N-11,1

килограмм

135,00

99

Магний күкіртқышқылды 7-сулы

MgО-16,6; SO3-13,2

килограмм

94,00

100

Калий сульфаты (күкіртқышқылды калий)

K2О-51; SO3-45

килограмм

220,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады