Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 180 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 14 маусымда № 3-6-158 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 26.12.2018 № 380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдардың жұмыскерлерінің ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Тынымгереевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Сыдықов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 28 мая 2018 года № 180. Зарегистрировано Управлением юстиции Каргалинского района Департамента юстиции Актюбинской области 14 июня 2018 года № 3-6-158. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 26 декабря 2018 года № 380

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 26.12.2018 № 380 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", подпунктом 8) статьи 9, подпунктом 3) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району в размере три процента от списочной численности работников организации.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района И. Тынымгереева.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Сыдыков