Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 245 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 22 маусымда № 3-6-166 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 29.12.2023 № 123 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4826 тіркелген, 2016 жылдың 28 сәуірінде аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      2 тармақта 11), 12), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын;

      4 тарау алынып тасталсын;

      8 тармақтың 3) тармақшасында "және он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға" сөздері алынып тасталсын;

      10 тармақтың 3) тармақшасында "және әлеуметтік келісім шарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан)" сөздері алынып тасталсын;

      21 тармақта "әлеуметтік келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алу" сөздері алынып тасталсын;

      22 тармақта 10 саны алынып тасталсын;

      42 тармақта "немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң" сөздері алынып тасталсын;

      13, 14, 15, 20, 28, 29, 30 және 31 тармақтары алынып тасталсын;

      3, 4, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшалары алынып тасталсын;

      9 тармақ келесідей мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      "11) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте";

      12 тармақтың 4) тармақшасында 15 000 (он бес мың) саны 20 000 (жиырма мың) санымен ауыстырылсын;

      7) тармақшасында 30 000 (отыз мың) саны 36 000 (отыз алты мың) санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Кольжанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Заглядова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Отаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады