2018 жылға арналған Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 45 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 20 сәуірде № 3-11-129 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ойыл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ойыл ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 24 "Ойыл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда "Ойыл" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Күзембаева

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Уилскому району на 2018 год

Постановление акимата Уилского района Актюбинской области от 26 марта 2018 года № 45. Зарегистрировано Управлением юстиции Уилского района Департамента юстиции Актюбинской области 20 апреля 2018 года № 3-11-129. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Уилского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест, для трудоустройства лиц состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Уилскому району на 2018 год.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Уилского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Управлении юстиции Уилского района;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Уилского района.

      3. Постановление акимата Уилского района Актюбинской области от 10 февраля 2017 года № 24 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Уилского района" (зарегистрированное в реестр государственной регистрации нормативных правовых актов № 5306, опубликованное 30 марта 2017 года в газете "Ойыл") отменить.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Уилского района А. Казыбаева.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Кузембаева