Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 218 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 24 мамырда № 4715 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелген, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда баяндалсын.

      2. "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы "10" мамыр № 218 қаулысына қосымша
  Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

Атауы

Төлемдерінің мөлшері (теңге)

Спортшылар

Жаттықтырушылар

Клубтық командалардың жетекшілері

1 орын

2 орын

3 орын

1 орын

2 орын

3 орын

1 орын

2 орын

3 орын

Олимпиада спорт түрлері

1

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада Ойындары


400 000

300 000


40 000

30 000




2

Азия, Параазия және Сурдазия Ойындары

250 000

200 000

150 000

25 000

20 000

15 000




3

Ересектер арасында
Әлем Чемпионаты

250 000

200 000

150 000

25 000

20 000

15 000




4

Ересектер арасында Азия Чемпионаты, Шығыс Азия Ойындары, Ислам Ойындары, Дүниежүзілік Универсиада

200 000

150 000

100 000

20 000

15 000

10 000




5

Жастар, студенттер арасында Әлем Чемпионаты, ересектер арасында жабық бөлмелерде Азия Ойындары, Орталық Азия Ойындары,
Әлем Кубогы

150 000

120 000

100 000

15 000

12 000

10 000




6

Жасөспірімдер олимпиада Ойындары

120 000

100 000

70 000

12 000

10 000

7 000




7

Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты, Жастар арасында Азия Чемпионаты

100 000

70 000

50 000

10 000

7 000

5 000




8

"Азия Балалары"

50 000

40 000

30 000

5 000

4 000

3 000




9

Ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы

50 000



5 000



5 000



Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері

1

Дүниежүзілік Универсиада, ересектер арасында Әлем Чемпионаты және Кубогы, Әлем барысы, Еуразия барысы

150 000

100 000

70 000

15 000

10 000

7 000




2

Жастар, студенттер арасында Әлем Чемпионаты, ересектер арасында Әлем Кубогы, Қазақстан барысы, көшпенділер Ойындары

120 000

100 000

70 000

12 000

10 000

7 000




3

Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты

70 000

50 000

30 000

7 000

5 000

3 000




4

Ересектер арасында
Азия Чемпионаты

100 000

70 000

50 000

10 000

7 000

5 000




5

Жастар арасында
Азия Чемпионаты

70 000

50 000

30 000

7 000

5 000

3 000




6

Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Халық, Ауыл Ойындары, ұлттық спорт түрлері бойынша Фестиваль

50 000



5 000



5 000



Паралимпиада және Сурдлимпиада спорт түрлері

1

Ересектер арасында
Әлем Чемпионаты, Дүниежүзілік ойындары

150 000

100 000

70 000

15 000

10 000

7 000




2

Жастар арасында
Әлем Чемпионаты

120 000

70 000

50 000

12 000

7 000

5 000




3

Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты

100 000

50 000

30 000

10 000

5 000

3 000




4

Ересектер арасында
Азия Чемпионаты

120 000

100 000

70 000

12 000

10 000

7 000




5

"Азия Балалары", жастар арасында Азия Чемпионаты

70 000

50 000

30 000

7 000

5 000

3 000




6

Ересектер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Қазақстан Республикасы Спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада Ойындары

50 000



5 000







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады