"Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 57 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 сәуірде № 3780 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.08.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 4 жол алып тасталсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Мұсаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады