"2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 136 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 3919 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2018 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 12 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

      "

12

NPK 15:15:15 маркалы нитроаммофоска

N 15 P 15 K 15

тонна
тонна

59000, 00
59000, 00

Азотты-фосфорлы-калийлі нитроаммофоска тыңайтқышы (азофоска)

N 16 P 16 K 16

NPK-1 азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқышы (диаммофоска)

N 10 P 26 K 26

23:13:8 маркалы нитроаммофоска

N 23 P 13 K 8

NPK тыңайтқыш: нитроаммофоска

N 16 P 16 K 16

Нитроаммофоска

N 16 P 16 K 16

NPK 16:16:16 маркалы нитроаммофоска

N 16 P 16 K 16

14:14:23 маркалы нитроаммофоска

N 14 P 14 K 23

10:26:26 маркалы нитроаммофоска

N 10, P 26, K 26

Азотты-фосфорлы-калийлі маркалы тыңайтқыш

N 10 P 26 K 26

NPK тыңайтқыш: Нитрофоска

N 15 P 15 K 15

Күрделі азотты-фосфорлы-калийлі минералды тыңайтқышы (NPK тукоқоспалары)

N 16 P 16 K 16

N 13 P 19 K 19

N 20 P 14 K 20

NPK-тыңайтқыш

N 15 P 15 K 15

      ".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Мұсаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады