2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 192 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қазанда № 3971 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) "2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3847 болып тіркелген, 2018 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "19" қазандағы
№ 192 қаулысына қосымша

2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 13.12.2018 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидиялау бағыты

Субсидия көлемі, мың теңге

Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


1.1

Тауарлық аналық бас

27300

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

10300

2.

Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу (тауарлы және асыл тұқымды аналық бас, базалық және қосымша норматив бойынша)

995 372

3.

Қоғамдық және тауарлы табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

85 700

4.

Отандық шаруашылықтардан асыл тұқымды етті, сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал сатып алу

589 900

5.

Импорттық етті бағыттағы асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу

450 000

6.

Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған асыл тұқымды сүтті бағыттағы аналық мал басын сатып алу

43 650

7.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

80 000

8.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

863 685

9.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

120 360

10.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру шығындарын арзандату

53932,032

11.

Сүт өндіру құнын арзандату:


11.1

Бағымдағы мал басы 400 және 50 бастан басталатын шаруашылықтар

157 000

 11.2

Ауыл шаруашылығы кооперативі

70 003,119

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

140 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

90 017

2.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

704,008

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

42 931,092

Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

8 598

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


2.1

асыл тұқымды аналық бас

598 914,592

2.2

тауарлық аналық бас

890 935,782

3.

Асыл тұқымды қой сатып алу

272 060

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп бағу

37 290

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

154 251,5

6.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

59 936,313

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқы сатып алу

15000

2.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

21 904,7

3.

Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату

2 317,472

Азық өндіру

1.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату

25 386,39


Жиыны:

5 907 449

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады