Денсаулық саяжайы кооперативінің көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 57 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 тамызда № 3926 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Диқан ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Диқан ауылдық округінің Денсаулық саяжайындағы көше атаулары өзгертілсін:

      1) Цветочная көшесі Зербұлақ көшесіне;

      2) Вишневая көшесі Шиелі көшесіне;

      3) Абрикосовая көшесі Жиделі көшесіне;

      4) Виноградная көшесі Тораңғы көшесіне;

      5) Клубничная көшесі Алмалы көшесіне;

      6) Степная көшесі Ақдала көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Диқан ауылдық округінің әкімі Н. Мекебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады