Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 28-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 тамызда № 3924 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      И. Тоғанбаева Р. Бегалиев

  Жамбыл аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
"19" шілдедегі №28-5 шешіміне
қосымша

Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №47-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-3-134 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 қаңтарда аудандық "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №47-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 44-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2773 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте аудандық "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. "Жамбыл ауданық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы №30-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2163 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде аудандық Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады