Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 38 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 3865 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылдың 19 сәуіріндегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      40 лет Победы көшесі - Сарыарқа;

      Ленин көшесі - Жетісу.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К. Кичкенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Жексембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады