Меркі ауылдық округі Меркі ауылындағы Буденный, Стадионный, Заречный көшелерінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 62 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 3839 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Меркі ауылдық округі, Меркі ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меркі ауылдық округі, Меркі ауылындағы Буденный көшесі-Жақсылық, Стадионный көшесі - Ақбұлақ, Заречный көшесі - Үлгілі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Асқарбайға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Округ әкімі Е. Акек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады