Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 18 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 3705 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "АК Алтыналмас" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын жүргізіп, қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 24,8561 гектарға, оның ішінде Мойынқұм ауданы аумағы жерінен 0,1 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерінен 18,5053 гектар, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жерінен 0,0647 гектар және мал айдау жолы жерінен 6,1861 гектар жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "АК Алтыналмас" акционерлік қоғамы жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Алдасүгірұлы Қалымбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Нүркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады