Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 12 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 маусымда № 3869 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шоқпар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шоқпар ауылдық округінің Шоқпар бекетіндегі төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Горная көшесі – Тау самал;

      Садовая көшесі – Бірлік;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шоқпар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Галия Джумабековна Шимахановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Р.Шоңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады