Абай ауданындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі 29 сессиясының № 29/324 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 4730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.

      3. Абай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Абай қаласы белгіленсін.

      4. Абай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 42/501 "Абай ауданындағы автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы" 42 сессиясы шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-123 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (3904) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Белан
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б.Цай

      КЕЛІСІЛДІ:

      Абай ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер Басқармасы
      басшысының м.а. Т. Дүйсенбаев

      2018 жылғы 19 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Абай ауданының жер
      қатынастары, сәулет және қала
      құрылысы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Р. Сатыбаева

      2018 жылғы 19 сәуір

  Абай аудандық мәслихатының
29 сессиясының
2018 жылғы 19 сәуірдегі
№ 29/324 шешіміне
1-қосымша

Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Р/с N

Автотұрақтардың түрлерi

Санаттары

1.

Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар.

1 санат

2.

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар.

1 санат

2.

Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар.

2 санат

  Абай аудандық мәслихатының
29 сессиясының
2018 жылғы 19 сәуірдегі
№ 29/324 шешіміне
2-қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi

р./с. N

Автотұрақтардың санаты

Мөлшерлемелер

1.

1 санат

10 есе

2.

2 санат

9 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады