Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 24 сессиясының № 9 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4858 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 09.03.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, 704-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі 39 сессиясының № 4 "Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3434 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазанда № 41 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 23 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпандағы 45 сессиясының № 6 " Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі 39 сессиясының № 4 "Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3667 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпанда № 7 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Рахимберлинов
      Мәслихат хатшысы А. Әли

О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Бухар-Жыраускому району

Решение 24 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 21 июня 2018 года № 9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 июля 2018 года № 4858. Утратило силу решением Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 9 марта 2021 года № 5

      Сноска. Утратило силу решением Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 09.03.2021 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509, пунктом 3 статьи 704 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять раз на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения по Бухар-Жыраускому району.

      2. Признать утратившим силу решение 39 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 21 сентября 2015 года № 4 "О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Бухар-Жыраускому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3434, опубликовано в районной газете "Бұқар жырау жаршысы" № 41 от 17 октября 2015 года, в информационно-правовой системе "Әділет" 23 октября 2015 года), решение 45 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 03 февраля 2016 года № 6 "О внесении изменения в решение 39 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 21 сентября 2015 года № 4 "О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Бухар-Жыраускому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3667, опубликовано в районной газете "Бұқар жырау жаршысы" № 7 от 20 февраля 2016 года, в информационно-правовой системе "Әділет" 24 февраля 2016 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Рахимберлинов
      Секретарь маслихата А. Әли