Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 09.03.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, 704-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі 39 сессиясының № 4 "Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3434 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазанда № 41 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 23 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпандағы 45 сессиясының № 6 " Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі 39 сессиясының № 4 "Бұқар жырау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3667 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпанда № 7 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Рахимберлинов |
Мәслихат хатшысы | А. Әли |