Баймырза ауылдық округінде көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 тамызда № 4910 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баймырза ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Баймырза ауылындағы Ленин көшесі - Абай Құнанбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Калинин көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі болып, Баймырза ауылындағы Асфальтная көшесі - Алаш көшесі болып, Баймырза ауылындағы Мира көшесі - Әлия Молдағұлова көшесі болып, Баймырза ауылындағы Фабричная көшесі - Дінмұхамед Қонаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Набережная көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Новая көшесі - Болашақ көшесі болып, Баймырза ауылындағы Юбилейная көшесі - Рақымжан Қошқарбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Молодежная көшесі - Жастар көшесі болып, Баймырза ауылындағы Клубная көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 1 тұйық көшесі - Әкімшілік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 2 тұйық көшесі - Достық көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 3 тұйық көшесі - Бірлік көшесі болып, Баймырза ауылындағы 50 лет СССР көшесі - Әлихан Бөкейханов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Степная көшесі - Нұр көшесі болып, Астаховка ауылындағы Нижняя көшесі - Еңбек көшесі болып, Астаховка ауылындағы Верхняя көшесі - Бейбітшілік көшесі болып аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баймырза ауылдық округінің әкімі С. Ахмедин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады