Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 22.06.2020 № 863 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 қарашадағы № 110 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2029 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсанда № 52 (7328) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.К. Сыздыкова).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Эммерих |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы _____________ Е. Сатымбаев |
2018 жылғы "4" мамыр
Осакаров аудандық мәслихатының | |
34 сессиясының 2018 жылғы "4" мамырдағы № 442 шешіміне |
|
1 – қосымша |
Салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері
N р/с | Салық салу объектісінің атауы | Бір объектіге салық ставкасы айлық есептік көрсеткіште 1 айда |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |