Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ EТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 442 "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4756 тіркелген, 2018 жылғы 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | В. Бережной |
Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы | К. Саккулаков |