Звездный ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Звездный ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 5018 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде Звездный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Звездный ауылдық округі Звездное ауылындағы көшелер келесідей:

      1) Ленина көшесі Қаныш Сәтбаев көшесіне;

      2) Складская көшесі Сұңқар көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Кудайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады