Шет ауданы Ақадыр кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 4818 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақадыр кентіндегі:

      "931 км" көшесі – "Достық" көшесіне;

      "Автомобилистов" көшесі – "Бастау" көшесіне;

      "Аэродромная" көшесі – "Болашақ" көшесіне;

      "Горем–29" көшесі – "Сарыарқа" көшесіне;

      "Деповская" көшесі – "Ақжол" көшесіне;

      "Железнодорожная" көшесі – "Теміржолшылар" көшесіне;

      "Московская" көшесі – "Айыртау" көшесіне;

      "Пекарская" көшесі - "Аманат" көшесіне;

      "Первомайская" көшесі – "Ынтымақ" көшесіне;

      "Пионерская" көшесі – "Балауса" көшесіне;

      "Победа" көшесі – "Жеңіс" көшесіне;

      "Почтовая" көшесі – "Азаттық" көшесіне;

      "Правда" көшесі – "Ырыс" көшесіне;

      "Пролетарская" көшесі – "Алаш" көшесіне;

      "Путейская" көшесі – "Ақтасты" көшесіне;

      "Рабочая" көшесі – "Жұмыскер" көшесіне;

      "Северная" көшесі – "Бірлік" көшесіне;

      "Средняя" көшесі – "Сарысу" көшесіне;

      "Станционная" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесіне;

      "Тепловозная" көшесі – "Нұрлы жол" көшесіне;

      "Целинная" көшесі – "Жібек жолы" көшесіне;

      "Школьная" көшесі – "Ахмет Байтұрсынов" көшесіне;

      "Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақадыр кенті әкімнің орынбасары Қ. Бекқожинге жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақадыр кентінің әкімі: Д. Карсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады