Қазалы ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 193 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 240 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 6561 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округінің Шәкен ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 14867 гектар және Шәкен ауылдық округінің Шилі ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 17364 гектар, Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 34878 гектар, Тасарық ауылдық округінің Лахалы ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 14273 гектар, Майлыбас ауылдық округінің Байқожа елді мекенінің шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 405 гектар болып өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданы әкімінің міндетін
атқарушы
Ә.Жарылқағанов
      Қазалы аудандық мәслихатының кезекті
ХХХІ сессиясының төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы
К.Назымбеков

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" қарашадағы №193 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы "12" қарашадағы №240 шешіміне қосымша

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округінің Шәкен ауылының, Шәкен ауылдық округінің Шилі ауылының, Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылының, Тасарық ауылдық округінің Лахалы ауылының, Майлыбас ауылдық округінің Байқожа елді мекенінің шекаралары (шегі)

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар):

Ауыл шаруашылығы алқаптары



басқа да жерлер

егістік

көп жылдық екпелер

тыңайған жер

жайылымдар

орман көмкерген

құрылысқа арналған жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8


9

2

Шәкен ауылдық округінің Шәкен ауылы

14867

-

-

-

10556

-

21

4290

3

Шәкен ауылдық округінің Шилі ауылы

17364

-

-

-

12328

-

7

5029

4

Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылы

34878

-

-

-

24763

-

30

10085

5

Тасарық ауылдық округінің Лахалы ауылы

14273

-

-

-

10134

-

11

4128

6

Майлыбас ауылдық округінің Байқожа елді мекені

405

-

-

-

288

-

11

106


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады