2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 643 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 6157 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 07.08.2018 № 771 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 07.08.2018 № 771 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "18" қаңтар №643 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін кызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

Қатты отын (көмір) және сұйық отын (дизельді отын) (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан кезде).

2.

 Жұмыстар:

2.1.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді салу, (немесе) реконструкциялау;

2.2.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын салу.



3.

Көрсетілетін қызметтер:

3.1.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын көрсетілетін қызметтер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан кезде).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады