2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 661 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 6213 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкiмiнiң орынбасары М. Самитовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 661 қаулысына қосымша

2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 08.11.2018 № 840 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Бала бақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықтар

Мектеп жанын дағы жарты күндік шағын орталықтар

Дербес толық күндік шағын орталықтар

Дербес жарты күндік шағын орталықтар

Бала бақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықтар

Мектеп жанын дағы жарты күндік шағын орталықтар

Дербес толық күндік шағын орталықтар

Дербес жарты күндік шағын орталықтар

1

Қармақшы ауданы

1527

70

0

0

0

24240

21800

0

0

0

2

Байқоңыр қаласы

280

0

0

0

0

42800

0

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады