Жосалы кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 270 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 тамызда № 6408 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымындағы №2 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі көшелеріне:

      1) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ №4 көшеге "Ыбрагім Қасымовтың" есімі;

      2) "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы атауы жоқ №8 көшеге "Жұмабек Ташеновтің" есімі берілсін.

      2. Жосалы кенті Т.Көмекбаев тұйығы "Меңей батыр" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.

      4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жосалы кенті әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Ш.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады