Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 257 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 6436 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 27.06.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу ( бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері ай сайын әр кемтар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу “Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:

      1) кемтар баланың қайтыс болуы;

      2) мүгедектігін алып тастау;

      3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.

      Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы ”2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16-190 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6144 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      8. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/190 шешіміне өзгеріс енгізу туралы” 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 217 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6287 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      9. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезекті ХХІV сессиясының төрағасы
З.Абжалелова
      Жаңақорған аудандық мәслихатының
хатшысы
Е.Ильясов

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 14 сентября 2018 года № 257. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 25 сентября 2018 года № 6436. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 27 июня 2023 года № 50

      Сноска. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 27.06.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года “О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями” и приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 “Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере” (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342) Жанакорганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер возмещения затрат на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детям с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно на каждого ребенка с ограниченными возможностями в размере трех месячных расчетных показателей.

      2. Возмещение затрат осуществляет коммунальное государственное учреждение “Жанакорганский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов граждаского состояния” (далее – уполномоченный орган) ежеквартально с месяца обращения за счет районного бюджета в течение соответсвующего учебного года.

      3. Возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - услугополучатели).

      4. Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются согласно Стандарту государственной услуги “Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов”, утвержденные приложением 22 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 “Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере” (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342) (далее – Стандарт).

      5. Услугополучатель (или его представителя по нотариально засвидетельствованной доверенности) при обращении для оказания государственной услуги представляет документы, указанные в пункте 9 Стандарта.

      6. Возмещение затрат на обучение детям с ограниченными возможностями прекращается:

      1) смерть ребенка с ограниченными возможностями;

      2) снятие инвалидности;

      3) в период обучения в доме интернате или в санаторной школе;

      4) окончание срока заключения психолого-медико-педагогической консультаций;

      6) выезд на постоянное проживание за пределы района.

      Возмещение затрат на обучение прекращается в следующий месяц, после наступлении вышеуказанных обстоятельств.

      7. Признать утратившим силу решение Жанакорганского районного маслихата от 26 декабря 2017 года № 05-16/190 “Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану” (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6144, опубликовано в Эталонном контрольном банке норвативных правовых актов Республики Казахстана от 29 января 2018 года).

      8. Признать утратившим силу решение Жанакорганского районного маслихатаот 23 апреля 2018 года № 217 “О внесении изменения в решение Жанакорганского районного маслихата от 26 декабря 2017 года № 05-6/190 “Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану” (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6287, опубликовано в Эталонном контрольном банке норвативных правовых актов Республики Казахстана от 16 мая 2018 года).

      9. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной ХХІV сессии
Жанакорганского районного маслихата
З.Абжалелова
      Секретарь Жанакорганского районного
маслихата
Е.Ильясов