"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №05-16/190 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 217 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 6287 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 257 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 14.09.2018 № 257 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/190 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6144 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақыдау банкінде 2018 жылдың 29 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Шығындарды өтеуді "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандықмәслихатының
кезектіХХІ сессиясының төрағасы
Н.Қалжанов
      Жаңақорған аудандық
мәслихатының хатшысы
Е.Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады