2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 76 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 3606 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 287 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.11.2018 № 287 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "Маңғыстау облысының

      ауыл шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.С. Қалдығұл

      "23" сәуір 2018 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "23" сәуірдегі
№ 76 қаулысына
қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері

Субсидиялау бағыты

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем, бас/ килограмм

Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

1

Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: асыл тұқымды қойлардың аналық басы

2 500

5500

13 750,0

2

Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: тауарлы қойлардың аналық басы

1500

1000

1 500,0

3

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1392

5450

7 586,4

4

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

400

10 249

4 099,6

5

Асыл тұқымды жылқылар сатып алу:

1)

байталдар

40 000

135

5 400,0

2)

еркек жылқылар

100 000

11

1 100,0


Барлығы



33 436,0

Өнім өндірісінің құнын арзандату

6

Түйе еті

157

10 000

1 570,0

7

Шұбат

105

104 000

10 920,0

8

Жылқы еті

162

9 500

1 539,0

9

Қымыз

149

15 000

2 235,0

10

Қозы еті

1500

200

300,0


Барлығы



16 564,0

Жиынтығы



50 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады