Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 151 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдедегі № 3677 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.07.2019 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

      2."Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Маңғыстау облысының

      ішкі істер департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Қ.Д. Таймерденов

      "04" 06 2018 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "11" 06
№ 151 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi 1. Көтермелеудiң түрлерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Маңғыстау облысы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ІІД) енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ІІД бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ІІД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

      8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. ІІД ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады