Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 сәуірде № 3579 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.10.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.10.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.10.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Жаңаөзен қаласы әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Овезовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Б. Базылов

      "04" сәуір 2018 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 04 сәуірдегі
№ 191 қаулысына 1 қосымша

Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 1 - қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.10.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 04 сәуірдегі
№ 191 қаулысына 2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.10.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Жаңаөзен қаласы

"Өркен" шағын ауданының № 19 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.

2

Жаңаөзен қаласы

Сәтпаев көшесіндегі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд

3

Жаңаөзен қаласы

"Шаңырақ" шағын ауданының № 27 үйіне қарама-қарсы ақпараттық стенд.

4

Жаңаөзен қаласы

"Жалын" шағын ауданындағы №25В ғимараттың жанындағы ақпараттық стенд

5

Жаңаөзен қаласы

"Көктем" шағын ауданының № 22 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.

6

Теңге ауылы

"Достық" даңғылындағы ақпараттық стенд.

7

Қызылсай ауылы

"Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.

8

Рахат ауылы

"Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 18 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.

9

Кендірлі ауылы

"Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 23 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады