Сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 3772 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Бейнеу ауданының аумағында дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Бейнеу ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 маусымдағы "Рауан" газетінде және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 27 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Ү. Әмірхановаға жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әбілов

  Бейнеу ауданы әкімінің
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 5 шешіміне
  қосымша

Бейнеу ауданының аумағында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 02.07.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер мен толықтырылулар енгізілді- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 09.09.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.09.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының "Бейнеу гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің №1-86А үйлері, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Д.Нұрпейісова атындағы, Айназар ата атындағы, С.Датұлы атындағы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы, М.Жұмабаев атындағы көшелердің үйлері.

№ 114 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 30-35, № 37, № 62-64 көпқабатты үйлері, № 65-92 үйлері, Ө. Құлбатыров атындағы, Е. Бөкетбайұлы атындағы, Ж. Байбозұлы атындағы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы атындағы, И. Тіленбайұлы атындағы, Қ. Ещанов атындағы, А. Жұбанов атындағы, Ә. Молдағұлова атындағы, Қ. Төлеуұлы атындағы, Байқұл қажы Қаныбекұлы атындағы, С. Сейфуллин атындағы, Барақ батыр атындағы көшелерінің үйлері.

№ 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Үстірт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ақтан Керейұлы атындағы көшесінің № 1-20 үйлері, Ерменбет Би атындағы көшесінің № 1-26 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 101-120 үйлері, М. Әуезов атындағы, Атақозы Батыр атындағы, Ә. Жангелдин атындағы, И. Сүйеубаев атындағы көшелерінің үйлері.

№ 116 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 38-41 көпқабатты үйлері, Қосай ата атындағы, Т. Айбергенов атындағы, Ер Қонай атындағы, Мәтжан Би атындағы, Ер Шабай атындағы, Т. Әлиев атындағы, А. Тілеуұлы атындағы, Н. Оңғалбаев атындағы, М. Бегенов атындағы, Н. Шыршығұлұлы атындағы, Ер Бегей атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ер Қармыс атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Е. Айшуақов атындағы, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Қ. Боқанұлы атындағы, Төремұрат атындағы көшелерінің үйлері.

№ 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ұлы Жібек Жолы көшесінің № 1-55 үйлері, Меңдіқұл Батыр атындағы көшесінің № 1-55 үйлері, Азан Балов атындағы, Оразмұхамед ахун атындағы, Қыдырша ата атындағы, Рсалы Батыр атындағы, Ақбөбек атындағы, Қайып Қорабайұлы атындағы көшелерінің үйлері, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

№ 118 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 1-29, № 47-49, № 53-56, № 59-61 көпқабатты үйлері, С. Ақшабаев атындағы, Ж. Қалдығараев атындағы, Қашаған атындағы көшелерінің үйлері, 1 учаскесінің үйлері, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Төремұрат батыр атындағы, Қосай ата атындағы және Т. Айбергенов атындағы көшелерінің арасында орналасқан № 1-80 үйлер, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер.

№ 119 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 147-240 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 1-100 үйлері, Есекмерген Батыр атындағы, Бекес Дәрментайұлы атындағы, Самалық Батыр атындағы, Шолтаман атындағы көшелерінің үйлері.

№ 120 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б. Майлин атындағы көшесінің № 81-240 үйлері, Шоғы батыр атындағы, Қаржаубай Жылқыбаев атындағы, Тұрыш ата атындағы, Қарағайлы, Қосарқан, Қарақоға, Шахан көшелерінің үйлері.

№ 121 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ұлы Жібек жолы көшесінің №56-130 үйлері, Меңдіқұл батыр атындағы көшесінің № 56-130 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Тасастау, Көлтабан, Жиделі, Рақ батыр атындағы, Аманжол шебер атындағы, Бердібай Сарбалаев атындағы, Сүйінқара батыр атындағы, Аманбай ата атындағы, Ш. Шыңғысов атындағы, А. Өтеуов атындағы, Шиланды, Қайдақ, Ақшағыл, Матай, Серкебай көшелерінің үйлері.

№ 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам жалпы білім беретін мекетеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 1-114 үйлері, Балуанияз атындағы көшесінің № 1-117 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің үйлері.

№ 123 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Досан Тәжіұлы атындағы, Ж. Мыңбаев атындағы, Қ. Сыдықов атындағы, Ізтұрған Меңдіқұлов атындағы, И. Тайманов атындағы, М. Мәметова атындағы, Махамбет атындағы, Т. Әлниязұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 124 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Балуанияз атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Айрақты, Дағар, Жайылған, Манашы, Мұрын жырау атындағы, Уәлі, Сайқұдық, Опорная көшелерінің үйлері.

№ 125 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Опорный жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 2, 6 және 7 учаскелерінің үйлері.

№ 126 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 3 және 5 учаскелерінің үйлері.

№ 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Боранқұл жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 1 және 4 учаскелерінің үйлері.

№ 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт ауылының № 1-128 үйлері.

№ 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт теміржол стансасының № 1, № 2 екі қабатты үйлері, Ақжігіт ауылының № 129-242 үйлері.

№ 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Есет" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

      Шекарасы: Есет ауылының үйлері.

№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сарға ауылының үйлері.

№ 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұрыш" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұрыш ауылының үйлері.

№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сыңғырлау" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сыңғырлау ауылының үйлері.

№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сам ауылының үйлері.

№ 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә. Махутов атындағы "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Төлеп ауылының үйлері.

№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.

№ 137 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тәжен" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тәжен ауылының үйлері.

№ 138 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Т. Тоқтаров атындағы, Ж. Аймауытов атындағы, Құрманғазы атындағы, Сәттіғұл атындағы, С. Қилыбайұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 139 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ақтан Керейұлы атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Ерменбет Би атындағы көшесінің № 27-135 үйлері, Тұрманбет Батыр атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Шағырлы, Т. Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 140 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 87-146 үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 81-241 үйлері, Асау Батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің № 128 – 179 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 115-179 үйлері, Балуанияз атындағы көшесінің № 118-179 үйлері, Сүгір Бегендікұлы атындағы көшесінің үйлері.

№ 141 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Аспантай, Уәйіс Қайралапов атындағы, Әбдібек Жаманбаев атындағы, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Достық, Ынтымақ, Рзаевтар атындағы көшелерінің үйлері.

№ 142 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Абылай хан атындағы, Алатау, Әбілхайыр хан атындағы, Балқаш атындағы, Бопай ханым атындағы, Есенқазақ, Жайық, Жетісу, Каспий, Күйкен, Құсшы, Лабақ Батыр атындағы, Мұғалжар, Нарынқол, Сарыарқа, Теректі, Ұлытау, Хасан хазірет атындағы, Шаршы, Шүңкілдек, Қалмұрат Сабырбаев атындағы, Шерқала, Желтау, Қарабұлақ, Ұланақ көшелерінің үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады