Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 18/192 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 тамызда № 3700 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21 .10.2021 № 8/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21 .10.2021 № 8/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К.Шалабаев
      Аудандық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушысы С.Қапашұлы

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Оразалиев Марат Амангелдиевич

      "01" тамыз 2018 жыл

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      "01" тамыз 2018 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 01 тамыздағы № 18/192
шешіміне 1 қосымша

Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Ескерту.-1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21 .10.2021 № 8/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.".

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 7/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi №295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 7/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту.-6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 13/140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.


  Маңғыстау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 01 тамыздағы № 18/192
шешіміне 2 қосымша

Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі №5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-5-135 болып тіркелген, 2012 жылы 22 тамыздағы №39 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған);

      2) Маңғыстау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 сәуірдегі №9/81 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2245 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымдағы №26 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған);

      3) Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/129 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімінің қосымшасына өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2387 болып тіркелген, 2014 жылы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылы 16 сәуірдегі №17 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған);

      4) Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы №21/173 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2557 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №58 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған);

      5) Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №8/102 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 5/44 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3361 болып тіркелген, 2017 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады