Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/341 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 3736 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 6/39 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Жұмабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2018 жылғы 10 желтоқсан
  № 32/341 шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.10.2019 № 45/438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы /текше метр/

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,72

2

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

2,19

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,27

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,935

5

Емханалар

1 келіп кету

0,17

6

Ауруханалар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелері

1 төсек – орын

1,24

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,655

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,685

9

Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

1 шаршы метр сауда алаңы

0,745

10

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

1 шаршы метр сауда алаңы

0,495

11

Вокзалдар, автовокзалдар

1 шаршы метр жалпы алаңы

1,24

12

Дәріханалар

1 шаршы метр сауда алаңы

0,235

13

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина – орын

1,585

14

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,665

15

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,19

16

Моншалар, сауналар

1 шаршы метр жалпы алаңы

0,33

17

Жатақханалар

1 орын

0,895


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады