Қостанай облысының Қостанай ауданы және Рудный қаласының шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 12 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 290 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 шілдеде № 7985 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 64 "Қостанай облысының Қостанай ауданы және Рудный қаласының шекараларын (шегін) өзгерту туралы" қаулысының негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар Рудный қаласының шекарасына (шегіне) Қостанай ауданы жерлерінің жалпы ауданы 501,9191 гектар бөлігін қосу жолымен Қостанай облысының Қостанай ауданы және Рудный қаласының шекаралары (шектері) өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Нұрмұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы М. Карбозов
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай ауданы әкімінің

      міндетін атқарушы

      _______________ М. Соқытбаев

      2018 жылғы "11" шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Рудный қаласы әкімінің

      міндетін атқарушы

      _______________ Е. Скаредина

      2018 жылғы "11" шілде

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 12 қаулысына
және мәслихаттың
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 290 шешіміне
қосымша

Рудный қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Қостанай облысы Қостанай ауданы жерлері бөлігінің экспликациясы

Ауданның атауы

Рудный қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің алаңы (гектар)

Соның ішінде:

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын елді мекендердің жерлері, жайылымдар (гектар)

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер (гектар)

1

2

3

4

Қостанай

501,9191

164,1423

337,7768

Жердің жиыны:

501,9191

164,1423

337,7768


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады