Денисов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 112 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7974 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 16.11.2020 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондіқ түрдегі көшермесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Денисов

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Б. Байгелов

      2018 жылғы "28" маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Қостанай облысының Ішкі істер

      департаменті Денисов ауданының

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      __________________ Н. Нархов

      2018 жылғы "28" маусым

  Әкімдіктің 2018 жылғы
28 маусымдағы
№ 112 қаулысына
қосымша

Денисов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Алшан ауылы

Ленин көшесіндегі № 5 құрылысы жанында

2

Антоновка ауылы

Садовая көшесіндегі № 38 үйдің жанында

3

Архангельск ауылы

Парковая көшесіндегі № 10 және Урожайная көшесіндегі № 11 жеке үйлердің арасында

4

Аршалы ауылы

Центральная көшесіндегі № 31 құрылысы жанында

5

Әйет ауылы

Клубная көшесіндегі орталық алаңда

6

Глебовка ауылы

Центральная көшесіндегі № 37 құрылысы жанында

7

Денисовка ауылы

1) Кавказская көшесіндегі "Автомобилист" спорттіқ кешеннің жанында
2) Маслозаводская көшесіндегі бойынша аудандық ауруханасы аумағы маңында
3) Советская, Ленин көшелердің қиылысында және Орталық алаңда
4) Ленин көшесіндегі (Красных партизан көшесінен Чапаев көшесіне дейін)

8

Жалтыркөл ауылы

Таганрогская көшесіндегі № 9 үйдің жанында

9

Заәйет ауылы

Дорожная көшесіндегі № 33 және № 28 жеке үйлердің арасында

10

Комаровка ауылы

Центральная көшесіндегі № 2 жеке үйдің жанында

11

Қырым ауылы

Майская көшесіндегі № 12 жеке үйдің жанында

12

Окраинка ауылы

Центральная көшесіндегі № 3 үйдің жанында

13

Перелески ауылы

Парковая көшесіндегі № 1 құрылысы жанында

14

Покровка ауылы

Мир көшесіндегі парк жанындағы орталық алаңда

15

Приреченка ауылы

Ленин көшесіндегі № 3 үйдің жанында

16

Свердловка ауылы

Производственная көшесіндегі № 11 құрылысы жанында

17

Фрунзенское ауылы

Комсомольская көшесіндегі № 40 және Школьная көшесіндегі № 7 жеке тұрғын үйлердің арасында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады