Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 54 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 мамырда № 7778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 176 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 13.11.2020 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығының 50-1-тармағына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Ғ. Бекмұхамедов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық денсаулық

      сақтау департаментінің Қамысты

      аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________________ А. Байкенов

      2018 жылғы "2" мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер

      министрлігі Қостанай облысының Ішкі

      істер департаменті Қамысты ауданының

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _________________________ Б. Иманов

      2018 жылғы "2" мамыр

  2018 жылғы "2" мамырдағы
№ 54 қаулыға
қосымша

Қамысты ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасу орны

1

Алтынсарин ауылы

Студенческая және Октябрьская көшелері арасында № 5 А үйге қарама-қарсы

2

Адай ауылы

Школьная көшесіндегі № 1 үйдің жаны

3

Аралкөл ауылы

Школьная көшесіндегі № 1 үйдің жаны

4

Арқа ауылы

Революционная көшесіндегі № 21 үйдің жаны

5

Бестөбе ауылы

Центральная көшесіндегі № 13 үйге қарама-қарсы

6

Дружба ауылы

Школьная көшесіндегі № 8 үйдің жаны

7

Жайылма ауылы

Советская көшесіндегі № 14 үйге қарама-қарсы

8

Қарабатыр ауылы

Комсомольская көшесіндегі № 18 үйге қарама-қарсы

9

Клочков ауылы

Комсомольская көшесіндегі № 12 үйге қарама-қарсы

10

Қамысты ауылы

Ержанов көшесіндегі алғашқы тың игерушілерге арналған саябақтың жаны

11

Ливанов ауылы

Школьная көшесіндегі № 166 үйдің жаны

12

Свободный ауылы

Клубная көшесіндегі № 4 үйдің жаны

13

Талдыкөл ауылы

Октябрьской көшесіндегі № 15 үйдің жаны

14

Орқаш ауылы

Центральная көшесіндегі № 3 үйге қарама-қарсы

15

Фрунзе ауылы

Комсомольская көшесіндегі № 3 үйдің жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады