Қарасу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 74 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 7897 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 14.04.2020 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағынын 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығының 50-1-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданы әкімінің
міндетін атқарушысы
Е. Балжақаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық

      сақтау департаментінің

      Қарасу аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ В. Кайзер

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Қостанай облысының

      Ішкі істер департаменті

      Қарасу ауданының Ішкі

      істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _______________ Қ. Бисембаев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 7 маусымдағы
№ 74 қаулысына қосымша

Қарасу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      1. Айдарлы ауылдық округі, Айдарлы ауылы, Советская көшесі, № 23 үйдің жанында.

      2. Амангелді ауылы, Целинная көшесі, № 33 үйдің жанында.

      3. Восток ауылдық округі, Восток ауылы, Октябрьская көшесі, № 1 үйдің жанында.

      4. Жамбыл ауылы, Школьный тұйық көшесі, № 6 үйдің жанында.

      5. Железнодорожный ауылдық округі, Железнодорожное ауылы, Новоленинская көшесі, № 1 үйдің жанында.

      6. Ильичев ауылдық округі, Комсомольское ауылы, Ленинская көшесі, № 16 үйдің жанында.

      7. Қарамырза ауылдық округі, Қарамырза ауылы, Центральная көшесі, № 10 үйдің жанында.

      8. Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, № 58 үйдің жанында.

      9. Қойбағар ауылы, Кооперативная көшесі, № 2 үйдің жанында.

      10. Люблин ауылдық округі, Люблинка ауылы, Октябрьская көшесі, № 43 үйдің жанында.

      11. Новопавловка ауылы, Школьный тұйық көшесі, № 7 үйдің жанында.

      12. Новоселов ауылдық округі, Новоселовка ауылы, Ленина көшесі, № 10 үйдің жанында.

      13. Октябрское ауылы, Ленина көшесі, № 7 үйдің жанында.

      14. Павловское ауылы, Юбилейная көшесі, № 2 үйдің жанында.

      15. Жалғызхан ауылы, Гагарина көшесі, № 20 үйдің жанында.

      16. Ушаков ауылдық округі, Ушаково ауылы, Ленина көшесі, № 24 үйдің жанында.

      17. Целинный ауылдық округі, Целинное ауылы, Ленина көшесі, № 42 үйдің жанында.

      18. Шалғышы ауылдық округі, Шалғышы ауылы, Ленинградская көшесі, № 18 үйдің жанында.

      19. Черняев ауылдық округі, Ленино ауылы, Придорожная көшесі, № 7 үйдің жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады