Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 7511 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Мичурин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының 50 лет Октября көшесі Арман көшесіне қайта аталсын.

      2. "Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қостанай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мичурин ауылдық округінің әкімі В. Клочко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады