Байланыс формасы

Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 5 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 246/23 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 6035 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының корытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      1) Железин ауданының "Березовка" ауылы "Ақтау" ауылы болып;

      2) Лебяжі ауданының "Аққу" ауылы "Аққулы" ауылы болып және Лебяжі ауылдық округі "Аққулы" ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы А. Поляков
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады