Мойылды ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 мамырда № 5981 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 14.02.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кәріз коллекторында орын алған апатқа байланысты, Павлодар облысы Павлодар қаласының Мойылды ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Балашов төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Бейсекин

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в селе Мойылды

Решение акима города Павлодара Павлодарской области от 23 мая 2018 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 мая 2018 года № 5981. Утратило силу решением акима города Павлодара Павлодарской области от 14 февраля 2019 года № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением акима города Павлодара Павлодарской области от 14.02.2019 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола заседания городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате города Павлодара от 17 апреля 2018 года № 2, аким города Павлодара РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба в селе Мойылды города Павлодара Павлодарской области в связи с аварией на канализационном коллекторе.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Павлодара Балашова А. Б. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Павлодара А. Бейсекин