Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 180/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 6012 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі - Регламенті) бекітілсін.

      2. Баянауыл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы "Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" № 153/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 03 сәуірдегі № 5938 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы "Баянауыл ауданы Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" № 154/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 03 сәуірдегі № 5939 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім халық саны екі мың және одан аз адам ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламентің 4-тармағының 1)-6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Серікбай
      Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2018
жылғы 25 маусымдағы
№ 180/30 шешімімен
бекітілді

Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың
кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 84/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс Регламентін Баянауыл аудандық мәслихаты (бұдан әрі – аудандық мәслихаты) бекітеді.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      2) ауылдық округ, Майқайың кент бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      3) ауылдық округ әкімі аппаратының, Майқайың кент әкімі аппаратының ауылдық округтің, Майқайың кентінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      4) ауылдық округ, Майқайың кент бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      5) ауылдық округ, Майқайың кент бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      6) ауылдық округтің, Майқайың кентінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      7) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      8) ауылдық округ, кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ, кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      9) ауылдық округтің, Майқайың кентінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      11) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 84/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жиналысты ауылдық округ, Майқайың кент әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, ауылдық округтің, Майқайың кентінің әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Ауылдық округінің, Майқайың кентінің әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Ауылдық округ, Майқайың кент әкімінің аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және ауылдық округтің, Майқайың кентінің әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 84/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Жиналысты шақыру алдында ауылдық округ, Майқайың кент әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін ауылдық округтің, Майқайың кентінің әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды ауылдық округтің, Майқайың кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ, Майқайың кент әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, ауылдық округ, Майқайың кент әкімімен енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамаларды, қосымша баяндамаларды, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 84/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ, кент әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ауылдық округінің, Майқайың кентінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер Регламентінің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Ауылдық округ, Майқайың кент әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені аудан әкімі аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 84/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Ауылдық округ, Майқайың кент әкімі аппараты ауылдық округ, Майқайың кент әкімнің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ, Майқайың кент әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ, Майқайың кент әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады