Байланыс формасы

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 275/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6215 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Май аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т. Сарин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің
      Павлодар облысы
      Ішкі істер департаментінің
      Май аудандық Ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығы Н. М. Қаббасов
      2018 жылғы "29" желтоқсан

  Май ауданы
әкімдігінің 2018
жылғы "29" желтоқсандағы
№ 275/12 қаулысына
қосымша

Май ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) құрмет грамотасы;

      2) алғыс хат;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Май аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Май аудандық ІІБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Май аудандық ІІБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға құрмет грамотасын, алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Май аудандық ІІБ жүзеге асырады.

      3. Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады