Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 4/515 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қарашада № 1516 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 4/515 қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 770 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 сәуірде "Вечерний Алматы" газетінде және 2008 жылғы 5 сәуірде "Алматы ақшамы" газетінде жарияланған);

      2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 11 тамыздағы № 4/653 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 791 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйекте "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған);

      3) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 3/351 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1407 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады