"Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 729 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 672 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 4728 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 729 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 мамырда № 3734 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 мамырда жарияланған).

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулы ресми жариялаған күннен бастап Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады