Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 4679 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы
      мәслихатының ХIX
      сессиясының төрағасы Р. Исин
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы
      мәслихатының хатшысы С. Мұқанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19-12 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 16 шілдедегі № 13-2-103 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдедегі "Аққайың" газетінде, 2009 жылғы 30 шілдедегі "Колос" газетінде жарияланған).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 9 шілдедегі № 35-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылғы 11 тамыздағы № 3344 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2015 жылғы 20 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3778 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымдағы "Аққайың" газетінде, 2016 жылғы 23 маусымдағы "Колос" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады