Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 91 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 4680 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес шарт негізінде үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы Е.Ғ. Сопаяковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 30 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының әкімі Д. Байтөлешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың аудандық сайлау

      комиссияның төрайымы

      ________________О. Плищенко

      2018 жылғы "13" сәуірдегі

  Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "13" сәуірдегі
№ 91 қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы аумақта орналасқан ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "13" сәуірдегі
№ 91 қаулысына 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында ауылдық округ әкімдігіне барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесу өткізу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Смирново ауылдық округі

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады