Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов селолық округінің Смирнов селосының бөлім құрамдарына атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 71 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 4959 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Смирново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов селолық округінің Смирнов селосының бөлім құрамдарына атаулар беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2158 тіркелген, 2013 жылғы 7 наурызда "Колос", "Аққайың" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Смирново ауылдық
округінің әкімі
Е. Райымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады