Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 наурызда № 4084 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсондағы Бюджет кодексінің 2 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 10, 27, 63 баптарына сәйкес VI шақырылған облыстық мәслихат кезекті XXI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е.Б. Түркістанов).

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Талтенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

  Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен бекітілген

Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі

      1) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3743 тіркелген, 2017 жылы 11 қаңтарда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 92-VI "VI шақырылған облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзегрістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3813 тіркелген, 2017 жылы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы № 121-VI "VI шақырылған облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзегрістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3910 тіркелген, 2017 жылы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйегінде № 151-VI "VI шақырылған облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзегрістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3964 тіркелген, 2017 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5) Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 166-VI "VI шақырылған облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 64-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзегрістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4010 тіркелген, 2017 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      6) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 238-V "Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2893 тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      7) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 380-V "Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 238-V "Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3233 тіркелген, 2015 жылы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      8) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 47-VI "Атырау облысының жасыл екпелерді күтіп – ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3621 тіркелген, 2016 жылы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      9) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 247-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2898 тіркелген, 2014 жылы 1 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      10) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 379-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3247 тіркелген, 2015 жылы 14 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      11) Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 317-IV "Жер үсті көздерінің су ресурстарының пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2566 тіркелген, 2010 жылы 6 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      12) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 407-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 317-IV "Жер үсті көздерінің су ресурстарының пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3362 тіркелген, 2015 жылы 8 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      13) Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 304-IV "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2560 тіркелген, 2010 жылы 25 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      14) Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV "Қоршаған ортаға эмиссялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2561 тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      15) Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 11 мамырдағы № 45-V "Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV "Қоршаған ортаға эмиссялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2613 тіркелген, 2012 жылы 5 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      16) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 246-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV "Қоршаған ортаға эмиссялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2892 тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      17) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 315-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV "Қоршаған ортаға эмиссялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3015 тіркелген, 2014 жылы 16 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      18) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 363-V "Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-IV "Қоршаған ортаға эмиссялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3141 тіркелген, 2015 жылы 9 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;

      19) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 54-V "Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3690 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      20) Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 89-VI "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3790 тіркелген, 2017 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады