Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 64 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 4098 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "27" наурыздағы
№ 64 қаулысына қосымша

Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы №62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2526 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған).

      2. Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 25 ақпандағы №47 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы №62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2545 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған).

      3. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №55 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы №62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі Солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2588 болып тіркелген, 2011 жылы 23 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған).

      4. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі №191 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы №62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі Солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2593 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қыркүйекте "Атырау" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады